Путинцева Марокко турнирінде жеңіліп қалды

Путинцева Марокко турнирінде жеңіліп қалды

Юлия Путинцева Мароккодағы турнирді ширек финалда аяқтады.

Қазақстандық теннисші Рабат қаласындағы жарыста Юлия Риераға есе жіберді. Үш партияға созылған ойында Аргентиналық спортшы 5:7, 6:4, 6:2 есебімен басым түсті. Қазір Путинцева әлемдік рейтингте 61-ші орында тұрса, Риера 195-ші сатыға жайғасқан. Алайда екі теннисші арасындағы ұпай айырмашылығы матчқа басқаша әсер етті. 2,5 сағатқа созылған ойында Аргентиналық спортшы табандылық танытып, қалған екі сетта жеңісті жұлып алды. Юлия Путинцева жартылай финалға шығатын мүмкіндікті мүлт жіберді. Риера финалдық жолдаманы австриялық Юлия Грабермен сарапқа салады.