Елордада бүлдіршіндер жылдамдыққа жүгіріп жарысты

Бүгін елордада бүлдіршіндер жылдамдыққа жүгіріп жарысты.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңындағы спорттық шара Триатлон саябағында өтті. Астанадағы көркем гимнастика академиясы ұйымдастырған марафонға 6 мен 14 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Жас спортшыларды қолдауға ата-аналары мен бапкерлері және белгілі қазақстандық спортшылар келді. 6-7 жас санатындағы балғындар 200 метрге, 8-9 жастағы балалар 300 метрге, 10-12 жастағылар жарты шақырымға және 12-14 жастағы жеткіншектер 700 метр қашықтыққа жүгірді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.+БЛИЦ+снх

БЛИЦ:

  1. Мен мына марафонға жеңіске жетуге, өзімнің төзімділігімді жақсартуға келдім.
  2. Мақсатым - бірінші жүгіру, бірінші орын алу. Бүгін әкеммен бірге келдім. Әкем маған айтты, бірінші және тез жүгіру деп ақыл көрсетті.

Сергей Цырульников, алып күш иесі, рекордшы:

- Балалар әрқашан спортпен айналысуға дайын. Оларға бағыт көрсетіп жатқан ата-аналарының еңбегі ерен. Бүгінгі өскелең ұрпақты көріп, әрқайсысы жеңіске әбден лайық екеніне көз жеткіздім.