Бакуде таэквондодан әлем чемпионаты басталды
Әлем үздіктері Бакуге жиналды.
Әзербайжан астанасында таэквондодан жылдың басты бәсекесі әлем чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге 145 елден мыңға жуық кәріс жекпе-жегінің шеберлері қатысуда. Олардың арасында өзіміздің қыз-жігіттер де бар. Бірақ, Батырбек Есдәулетов баптайтын спортшылар ә дегеннен жүлдеге іліге алмады. Жарыстың алғашы күні Мария Севостьянова мен Эльдар Бірімбай жарысқа араласқан. 57 келіде өнер көрсететін Мария бірінші айналымда чехиялық спортшыны ұтқанымен, екінші айнаымда Бразилия өкіле есе жіберді. Айта кету керек,қазақстандық қыз небәрі 17 жаста және ұлттық құрамаға биыл ғана қосылды. Ал 68 келідегі Эльдар Бірімбай оған қарағанда тәжірибелі. Сәйкесінше жүлдеге қол созауға мүмкіндігі бар еді. Бірақ ол да екінші айналымда испаниялық Хавьер Перез Полоға жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды. Бакудегі әлем чемпионаты 5 маусымға дейін жалғасады.
Эльдар Бірімбай, ұлттық құрама мүшесі
Батырбек Есдәулетов, ұлттық құраманың бас бапкері
IIHF: Қазақстан 15-орында
Қазақстан 15-орында. Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы соңғы нәтижелерді сараптап, әлемдік рейтингті жаңартты. Оған сәйкес, Ғалым Мәмбеталиев баптайтын жігіттер бір саты жоғарылап, алдыңғы 15 команданың қатарына қосылды. Ұлттық құраманың еншісінде бас-аяғы 3170 ұпай бар. Оны қазақстандық жігіттер жуырда ғана Латвияда өткен әлем чемпионатында еншіледі. Ұлттық құрамамыз Норвегия, Словения және Словакия командаларын ұтып, элиталы топтағы орнын сақтап қалды. Ал әлемдік рейтингтің көш басына әлем чемпионы атанған Канада жайғасты. Оның ешкімінде 4150 ұпай бар. Айта кетейік, Канада осымен 28-мәрте дүниежүзілік додада топ жарды. Тізімнің алдыңғы бестігіне Финляндия, Ресей, АҚШ және Германия құрамалары кіреді.
Асықатуданашықчемпионат
Аймақ үздіктері анықталды. Астанада асық атудан ашық форматтағы чемпионат өтті. О баста қалалық деңгейде ұйымдастырылмақ болған жарысқа бертін келе Павлодар, Ақмола және Жамбыл облысының қатысушылары қосылып, бәсекелестік күшейді. Бас-аяғы 88 спортшы 2 күн бойы сынға түсті. Яғни ерлер асық ату бойынша, әйелдер бесасық бойынша айналмалы жүйеде ойнап шықты. Нәтижесінде жергілікті Әділхан Жұмағұлов, Мырзамұрат Қайыпбеков, Оралбек Ақтілеуов және Жасұлан Әділбаев төртігі жеңіске жетті. Ал әйелдер арасында Анаргүл Ходжаниязова, Перизат Елемес, Айжан Серікова және Балмира Бекболсыновадан құралған команда топ жарды. Аталған спортшылар енді алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады. Айта кетейік, Астана чемпионаты осымен 8-жыл қатарынан өткізіліп тұр.
Ескендір Рахметов, асық ату спортынан аға жаттықтырушы