Таэквондодан әлем чемпионатында Жансель Дениз жүлдеге сәл жетпей тоқтады
Әзербайжан астанасында таэквондодан жылдың басты бәсекесі – әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жарыстың кезекті күні 3 салмақтағы үздіктер анықталды. Бірақ, өкінішке қарай, жерлестеріміз олардың қатарынан табыла алмады. Әсіресе 73 келідегі Жансель Денизден үміт зор еді. Ол іріктеу сындарында Грекия және Испания спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Ал ширек финалда ресейлік ол Полина Ханға жол берді. Осылайша, Жансель кезекті рет әлемдік аламанның жартылай финалына өте алмай, жарыс жолынан шығып қалды.
Одан бөлек, 67 келіде тағы бір қазақстандық Нұрай Құсайынова да бағын сынап көрген. Ол екінші айнадымда Франция өкіліне есе жіберді. Ал ерлер арасында жеңіл салмақтағы Самирхон Абабакиров үшінші айналымда тунистік таэквондошыдан ұтылды.
Бакудегі әлем чемпионаты 5 маусымға дейін жалғасады.