«Ролан Гаррос» турнирі: Рыбакина екінші айналымға шықты
Франция астанасы Париж қаласында теннистен жылдың басты бәсекелерінің бірі «Ролан Гаррос» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жарыстың кезекті күні Қазақстанның бірінші, ал әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина өнер көрсеткен болатын. Жеребе бойынша оған алғашқы айнадымда чехиялық Бренда Фрухвиртова қарсылас атанды. Жерлесіміз 16 жастағы теннисшіні айқын басымдықпен ұтты. Қортытынды есеп: 6:4, 6:2. Ал матчтың өзі 21 минутқа ғана созылды.
Елена екінші айналымда тағы бір чехиялық Линда Носковамен кездеседі. Кейінгісі небәрі 18 жаста және әлемдік рейтингтің 50-ші сатысында тұр.
Айта кетейік, бұның ладында тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева да екінші айналымға шыққан еді. Ал ерлер арасында Александр Бублик пен Тимофей Скатов алғашқы айналымнан аса алмады. Париж қаласындағы турнир 12 маусымға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 46 млн 600 мың еуроны құрайды.