Бочча спортынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Бочча спортынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Ел үздіктері елордаға жиналды.

Бұнда бочча спортынан жылдың басты бәсекесі Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы сайысқа 15 жастан жоғары 50-ден аса қатысушы жиналды. Ішкі біріншіліктің ашылу салтанаты елорда төріндегі жекпе-жек сарайында өтті. Оған параллель балалар арасында республикалық паралимпиада ойындары да ұйымдастырылды. Кейінгісіне 400-ге жуық өрен жиналды және олар 10 бағытта өзара мықтыны анықтайды. Оның ішінде паракаратэ, паратаэквондо, паражүзу сияқты паралимпиадалық спорттар бар. Бочча да 1984 жылдан бастап жазғы ойындар бағдарламасына қосылды. Ал біздің елге бірер жыл бұрын ғана келді. Соған қарамастан, қысқа аралықта ұлттық құрамамыз жасақталып, халықаралық жарыстарға тұрақты қатысып жүр. Бұл жолғы Қазақстан чемпионаты да сол құрама командаға іріктеу болып саналады. Яғни ең тәуір нәтиже көрсеткен 8 спортшы алдағы құрлықтық және әлемдік аламандарда ел намысын қорғайды.