Футболдан ұлттық құрама жасақталды

Футболдан ұлттық құрама жасақталды

 

Бірер аптадан кейін футболдан 2024 жылдғы Еуропа чемпионатына іріктеу жалғасады.

Осының аясында Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ел намысын қорғайтын жігіттердің тізімін бекітті. Айта кету керек, ол оны тікелей эфирде жариялады. Бұндай жағдай отандық футболда алғаш орын алып тұр. Ал Еуропа елдердінде бұрыннан қолданылады. Сонымен ұлттық құрамаға бас-аяғы 27 футболшы кірді. Оның ішінде Игорь Шатцкий, Ян Вороговский, Нұрәлі Әліп, Асхат Тағыберген, Бахтияр Зайнутдинов, Абат Аймбетов сияқты тәжірибелі ойыншылар бар. Бұған қоса, бас бапкер құрамаға жастарды да көбірек тартқан. Олар 16-шы маусым күні сырт алаңда Сан-Марино құрамасымен жолығады. Матч Италияның Парма қаласында болады. Араға 3 күн салып, Қазақстан және Солтүстік Ирландия арасында матч ұйымадстыралады.