Францияда дүниежүзілік Virtus ойындары басталды

Екі астаналық спортшы алтыншы дүниежүзілік "Виртус" ойындарына қатысып жатыр.

Олар Дастан Ордабай мен Әмір Алпамыс. Интеллектуалды даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған жарыс Францияның Виши қаласында жалауын көтерді. 60 елден келген мың спортшы сайыстың 13 түрі бойынша сынға түседі. Қазақстандық қос өрен жүзу мен веложарысқа қатысады. Жеңіл атлетика, жүзу және үстел теннисінен үздік танылғандар 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Паралимпиада ойындарына тікелей жолдама алады. Жалпы спортшыларымыздың бұл ойындарға қатысуы еліміздің «Зияткерлік даму ерекшеліктері бар тұлғаларға арналған спорт федерациясының» халықаралық акредиттеуден, өту шеңберінде жүзеге асты. Қазақстан бұл федерацияға биыл наурыз айында мүшелікке өтті. Ұйымға әлемнің 90-нан аса елі кіреді.