Карим Бензема Сауд Арабиясының командасында өнер көрсетеді

Карим Бензема Сауд Арабиясының командасында өнер көрсетеді

«Реал Мадрид» клубынан кеткен франциялық футболшы Сауд Арабиясының командасында өнер көрсететін болды.

Қазірдің өзінде тараптар негізгі құжаттарға қол қойып үлгерді. Бұл жөнінде инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді. «Келісімшарт 2025 жылға дейін жасалған. Маусым соңында оны созу мәселесі де қарастырылды. Карим Мадрид жанкүйерлерімен қоштасып, Сауд Арабиясына аттанады», - деді дереккөз. Бұған дейін Бенземаның 2 жылда 200 млн доллар табатыны туралы да ақпарат тараған болатын. Реал Мадрид болса франциялық футболшының командасына кеткенін ресми растады. Ол испаниялық клуб сапында 2009 жылы қосылған еді. Команда капитаны болды. Биылғы маусымның өзінде 23 матчқа қатысып, 18 гол соқты. Карим Бензема «Алтын доп» сыйлығының қазіргі иегері саналады.