Ұлттық құрама үшін маңызды матчтар өтеді

Ұлттық құрама үшін маңызды матчтар өтеді

Жаттығу жиындағы аяқталды.

Бірер күннен кейін футболдан да ұлттық құрама үшін маңызды матчтар өтеді. Магомед Адиев баптайтын жігіттер 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында сырт алаңда Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларымен кездеседі. Осыған байланысты командаға 27 жігіт шақырту алып, Алматы қаласында бір аптадай шеберлікті шыңдады. Алматының таңдалуы бекер емес. Өйткені, орталық стадионда табиғи шөп төсеніші бар. Сан-Марино құрамасымен кезедесу де осындай жағдайда өтеді. Матч 16-шы маусымда болады.

Ал 19-шы маусымда Қазақстан және Солтүстік Ирландия командалары жолығады. Жоғарыда аталған 27 жігіттің қатарына енді мәскеулік ЦСКА сапындағы Бақтияр Зайнутдинов та қосылады деген ақпарат бар. Ол жуырда ғана өз клубымен Ресей Кубогын жеңіп алған болатын.