Астанада қойын-қолтық ұрыстан дүниежүзілік дода басталды

Әлем үздіктері Астанаға жиналды.

Бүгін бұнда қойын-қолтық ұрыстан дүниежүзілік дода басталды. Оған  32 елден 300-ден аса қатысушы жиналды. Алғашқы жарыс күні қоян-қолтық ұрыстың өзін-өзі қорғау бағыты бойынша бәсекелер өтті және 4 бірдей жерлесіміз алтын жүлдегер атанды. Атап айтқанда орта салмақтағы Медет Қожбанов пен Санжар Жанбатыров және ауыр салмақтағы Қайрат Мұқанбеков пен Тимур Шалов бас жүлдені жеңіп алды. Бұған қоса, ұлттық құрама қоржыны, күміс және қола медальдармен де толықты. Енді қоян-қолтық ұрыстың жекпе-жек бағыты бойынша бәсекелер өтеді. Жарыстың жалпы қорытындысы 19-шы маусымда белгілі болады. Айта кетейік, Қазақстан спорттың бұл түрінен, әлем чемпионатын алғаш қабылдап отыр.