Қазақстандық қос дзюдошы финалға шықты
Қос дзюдошысымыз финалға шықты.
Астанада жапон жекпе-жегінен әлемдік гранд-слэм өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге 42 елден 300-ден аса спортшы жиналды. Алғашқы жарыс күні 5 салмақтағы үздіктер анықталып жатыр. Күндізгі сессияда іріктеу сындары ұйымдастырылып, нәтижесінде ерлер арасында қазақстандық Мағжан Шамшидин мен Ғұсман Қырғызбаев алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. 60 келідегі Мағжан ақтық сында Франция өкілімен кездеседі. Ал 66 келідегі Ғұсман испаниялық дзюдошымен жолығып, бас жүлдені сарапқа салады. Қыздар арасында Ғалия Тыныбаева өте жақсы өнер көрсетіп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Әлемдік гран-слэи 3 күнге созылады. Нәтижесінде, жеңімпаздарға рейтингілік ұпайлар беріледі. Бұған қоса, 154 мың еуроны құрайтын жүлде қоры бар.