Рахмонов пен Гастелум жекпе-жек өткізе ме?

Қоржынымызға күміс түсті.

Дәл қазір Қытайдың Уси қаласында семсерлесуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Оған 20 елден 400-ге жуық спортшы жиналды. Араларында 19 жерлесіміз бар. Қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы командалық сында өте жақсы өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Руслан Құрбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай төрттігі іріктеу кезеңдерінде Филиппин және Өзбекстан құрамаларын ұтты. Ал, жартылай финалда Оңтүстік Кореядан басым түсті. Ақтық сында Жапония жігіттерімен жолығып, 25:45 есебімен есе жіберді. Айта кетейік, дәл осы құрамамыз тура бір ай бұрын Стамбұлда өткен әлем кубогында топ жарып еді. Ал, құрлықтық дода алтынға сәл жектпей тоқтайды. 2018 жылы да күміс, ал, 2019 жылы қола еншіледік.

Уси қаласындағы байрақты бәсеке бүгін де жалғасын табады. Сәйкесінше, медальдар саны артуы мүмкін.

Әлемдік гранд-слэмге дайындық

Ұлттық құрама Моңғолияға аттанды. Тура бір күннен кейін Ұланбатыр қаласында дзюдодан кезекті гранд-слэм басталады. Байрақты бәсекеде ел намысын 17 спортшы қорғайды. Араларында ұлттық құрама үздігі Елдос Сметов пен Абиба Абужақынова жоқ. Есесіне өткен аптада Астанадағы гранд-слэмде ерекше көзге тсіп, жүлдеге іліккен жерлестеріміз бар. Атап айтқанда, орта салмақтарда Ғұсман Қырғызбаев, Данияр Шамшаев, Жансай Смағұловтар татамиге шығады. Бұған қоса, Нұрқанат Серікбаев, Шерзод Давлатов, Әділ Оразбаев, Ермахан Әнуарбеков сияқты жас спортшылардан да үміт зор. Ал, қыздар арасында Ғалия Тынбаева, Аруна Жангелдина және Кәмила Берліқаш жүлдеге қол созып көреді. Әлемдік аламанның өзі 23-ші және 25-ші маусым аралығында болады. Оған 45 елден 400-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге рейтингтік ұпайлар беріледі. Бұл көрсеткіш Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда шешуші рөлі атқарады. 

Рахмонов пен Гастелум кездесе ме?

Рахмонов пен Гастелум кездесуі мүмкін. Америкалық аралас жекпе-жек шебері жерлесіміздің ұсынысын қабыл алып, жекпе-жек өтетін уақыт пен орынды белгіледі. Яғни қос мықты 16 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында кездесуі мүмкін. Келвин Гастелум 2010 жылдардан бері кәсіпқой деңгейде өнер көрсетеді. UFC-дің орта салмақтағы үздітекрі арасында 11-тұр.  Ол жуырда ғана орта салмақтан жартылай орта салмаққа ауысу туралы шешім қабылдады. Ал Шавқат Рахмонов жартылай орта салмақ рейтингінде 6-орнынға жайғасты. Ол соңғы рет октагонға биыл наурыз айында шығып, тағы бір американдық Джефф Нилді қылғындыру әдісімен ұтқан болатын. Соның арқасында ресми көрсеткішін 17 жекпе-жек, 17 жеңіске жеткізді. Ал қарсыласы бүгінге дейін 26 кездесу өткізіп, 17-сінде басым түскен. Ең соңғы рет сәуір айында орта салмақтағы америкалық Крис Кертиспен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.