Талдықорғанда велоспорттан жазғы спартакиада өтті
Луценко топтық жарыста топ жарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Талдықорған қаласында тас жолдағы велоспорттан да жазғы спартакиада ұйымдастырлып, ел үздіктері анықталды. Жарыстың соңғы күні ересектер мен жастар арасында 164 шақырымға созылған негізгі бәсеке өтті. Қатысушылар Жоңғар Алатауы бөктері арқылы күрделі бұрылыстарға толы жолдармен жүрді. Нәтижесінде ұлттық құрама көшбасшысы әрі Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Алексей Луценко мәреге сызығын бірінші болып кесті. ІІ орын ақмолалық Евгений Гидичке бұйырса, тағы бір солтүстікқазақстандық Даниил Марухин үздік үштікті түйіндеді. 23 жасқа дейінгілер арасында солтүтістікқазақстандық Николя Винокуров бірінші, алматылық Андрей Ремхе мен жетісулық Оркен Сламжанов, сәйкесінше ІІ және ІІІ орын алды.
Айта кетейік, бұл жолығы спартакиадаға еліміздің барлық аймағынан 150-ден аса спортшы жиналды. Оған паралель жастар, жасөспірімдер және паралимпиадашылар арасындағы Қазақстан чемпионаты да ұйымдастырлыды. Жарыс қорытындысы бойынша алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құрама жасақталады.