Астанада бокстан халықаралық турнир өтті
Ұлттық құрама үздіктері үмітті ақтады.
Астанада бокстан дәстүрлі халықаралық турнир жалғасып жатыр. Елорда кубогына биыл 10 елден 200-ге жуық қатысушы жиналды. Жарыстың үшінші күні ерлер арасында жеңіл және орта салмқатағы жекпе-жектер өтті. Әсіресе, 51 келідегі Сәкен Бибосынов үндістандық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, келесі кезеңге сенімді түрде шықты. Қорытынды есеп: 5:0. 57 келіде қос фаворит Серік Теміржанов пен Махмұд Сабырхан да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кездесулерін жеңіспен аяқтады. Енді жанкүйерлер осы қос мықты арасындағы жекпе-жекті тағатсыздана күтіп жүр. Ал, 63 келіде қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеді. Айта кетейік, Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер құрамы үшін бұл ұлттық құраманы іріктеуге жақсы мүмкіндік. Өйткені, бірер айдан кейін Қытайдағы Азия Ойындары, ал бір жылдан кейін Париждегі Олимпиада Ойындары бар. Отандық бокстың басы-қасындағылар осы бастан ел намысын қорғайтын жігіттерді анықтап, кешенді дайындыққа кіріседі.