Астанада волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты жалғасып жатыр

Қазақ қыздарының жолы болмады.

Астанада волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні еліміздің әйелдер құрамасы үндістандық командамен жолығып, 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Айта кету керек, Қазақстанның әйелдер құрамасы жуырда ғана құрылды және бірінші рет құрлықтық деңгейдегі додаға қатысып жатыр.

Ал ерлер бүгін жарыс алаңына шығады. Қазақстан мен Ирак командалары кездеседі. Бұған дейін жерлестеріміз Жапония жігіттерін айқын басымдықпен ұтқан болатын.

Байрақты бәсекеге бас-аяғы 9 елдің өкілдері жиналды. Олар енді 5 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Жеңіске жеткен команда алдағы жылы Парижде өтетін паралимпиада ойындарына жолдама алады. Азия чемпионатының жалпы қорытындысы 8 шілдеде белгілі болады.