Рыбакина Уимблдон турнирінде екінші айналымға шықты

Рыбакина Уимблдон турнирінде екінші айналымға шықты

Рыбакина екінші айналымға шықты.

Дәл қазір Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында теннистен жылдың басты бәсекесі Уимблдон турнирі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні әлемнің 3-ші, ал Қаақстанның 1-ші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Шелби Роджерспен кездесті. Алғашқы кезең қарсыласының жеңісімен аяқталды. Бірақ ойынның кейінгі кезеңдерінде Елена айқын басымдық танытып, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп: 4:6, 6:1, 6:2. Матчтың өзі 1 сағат 44 минутқа созылды. Жерлесіміздің келесі қарсыласы белгісіз. Белгісі, Жапония және Франция теннисшілері кездесуінің жеңімпазымен жолығады.

Бұған қоса, ерлер арасында тағы бір қазақстандық Александр Бублик те алғашқы кездесуін сәтті өткізіп, екінші айналымға жолдама алған болатын. Лондон қаласындағы жарыс 15 шілдеге дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 56 млн 400 мың АҚШ долларын құрайды.