Азия үздіктері Астанаға жиналды

Ирак құрамасын жеңдік. Астанада волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні еліміздің ерлер құрамасы Ирактан келген командамен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 3:0.

Айта кетейік, жігіттер бұған дейін Жапония құрамсын да осындай есеп айырмасымен ұтты. Енді алда негізгі қарсыластарымен жолығады. Яғни, бүгін Қытай, арғы күні Иран құрамасымен мачтар күтіп тұр. Жеңіске жеткен команда алдағы жылы Парижде өтетін паралимпиада ойындарына жолдама алады. Бұған дейін ұлттық құрамамыз жазғы ойындарда өнер көрсеткен жоқ. Яғни, 1996 жылдан беріосындай  іріктеу кезеңдерінде сүрінеміз. Сондықтан, Астанадағы аламан көптен күткен арманға қол созуға жақсы мүмкіндік дейді мамандар. Ал Қазақстанның әйелдер құрамасы жуырда ғана құрылды және бірінші рет құрлықтық деңгейдегі додаға қатысып жатыр. Олар жарыстың кезекті күні Оңтүістік Корея құрамасынан 3:2 есебмен жеңілді. Бұған дейін Үністан құрамасынан да 3:0 есебімен ұтылған болатын. Азия чемпионатының жалпы қорытындысы 8-ші шілдеде белгілі болады.