Талдықорғанда пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды
Ел үздіктері Жетісуға жиналды.
Талдықорған қаласында пауэрлифтингтен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Ішкі біріншілікке еліміздің барлық аймағынан 500-ден аса спортшы жиналды. Қатысушылар саны жағынан бұл рекордттық көрсеткіш, - дейді ұйымдастырушылар. Сәйкесінше бәсекелестік деңгейі де артқан. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы жарыс өте тартысты өтіп жатыр.
Ел чемпионатында жеңіске жеткен спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды. Мәселен, 1 айдан кейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты болады. Талдықорғандағы байрақты бәсекенің өзі 6 күнге созылады. Ал оның жалпы қорытындысы 10 тамызда белгілі болады.