Қазақстандық параволейболшылар Азия чемпионатының финалына шықты

Параволейболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының финалына шығып, Париждегі паралимпиадаға жолдама алды.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзінің Telegram арнасында жазды. Отырып ойнайтын волейболдан құрлық біріншілігінің жартылай финалында біздің құрама Қытай командасын 3:2 есебімен жеңген.

Финалдық ойын 8 шілдеде Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Ақтық сында жерлестеріміз ирандық спортшылармен кездеседі.