Алматыда Дүниежүзілік ат үстіндегі күрес федерациясы құрылды
Аударыспақ спорты біздің елден бөлек, Орта Азия, Кавказ өңірі, тіпті Еуропада кең тараған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Венгрияда осы көне спорт түрінен жарыстар жиі өтіп тұрады. Ал Қазақстанда 2 мыңға жуық адам аударыспақпен айналысады. Бұл ойын көшпенділерден бастау алған. Белгіленген алаңда екі шабандоз күреседі. Ережеге сәйкес аттан құламағаны жеңіске жетеді.
Жаңадан құрылған федерацияға Еуразияның 10 мемлекеті мүше. Қауымдастық осы спорт түрін дамыту, оны Азия ойындарының бағдарламасына, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес, мәдени мұраларының тізіміне енгізуді мақсат етеді.
Марат Жұман, Қазақстанның Аударыспақ федерациясының президенті:
- «Методичка» ашайын деп жатырмыз. Енді мынау жастарға, әсіресе осы ойын жастарға популизация жасайық деген ойымыз бар. Бүкіл мемлекетпен отырып, бір ортаға «устав» жасап, ортақ шешімге келдік.