Астанада «Толағай» алыптар сайысы өтті
100 келі бөренені иыққа салып отырып-тұру.
500 келі арбаны сүйреу. 140 келі тасты бірнеше мәрте көтеру. Осының бәрін ептілікпен әрі асқан жылдамдықпен орындап шығу керек. Бұл – Астананың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған алыптар сайысының шарты. Жүлде қоры – 1 млн теңге. Оны емдену үшін 15 балуан 10 келілік найзаны қашықтыққа дәлдеп лақтырды. Ұзындығы 1,5 метрлік темірді мойынға салып, майыстырды. Ұйымдастырушылар темірден түйін түйіп, нар көтеру – байырғы ұлттық дәстүріміз дейді.
Бүгінгі қатысушылар – Қажымұқан, Балуан шолақтың ізін жалғаған, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай батырлар. Сайыстың бас төрешісі Тимур Сыпатаев қазақ балуандарын әлемдік деңгейге таныту мақсатында игі шара қолға алынғанын атап өтті.
Еркеғали Корбозов, Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
- Бұл бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жасы 18-ге толған 90 келіден асатын қазақтың біртуар алып денелі, өзінің күшіне сенген жігіттер қатыса алады. Бұрынғы ата жолымызды жалғастырып, бұрын, мысалы, бізде түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылып, өзара осындай сайыстар ұйымдастыру дәстүрі болған.