Қазақстан пара-волейболшылары алғаш рет Паралимпиадаға қатысады

Волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты Астанада өтті.

Жарыстың соңғы күндері ерлер құрамасы Қытай командасымен кездесті. Қорытынды есеп: 3:2. Біздің жігіттер басым түсті.

Айта кетейік, отандастарымыз бұған дейін Жапония және Ирак құрамаларын ұтты. Ұлттық құрама бұрын-соңды Жазғы ойындарда өнер көрсеткен жоқ еді. 1996 жылдан бері іріктеу кезеңінен аса алмай келді. Ал Астанада көптен күткен жолдамаға қол жеткізді.