Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне өтті

Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне өтті

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне өтті.

Турнирдің екінші матчында 33 жастағы француз Ализе Корнені жеңді. Кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды. Рыбакина 6:2, 7:6 есебімен басым түсті. Отандасымыздың келесі қарсыласы Британия елінің өкілі. Ертең қазақстандық теннисші 26 жастағы Кэти Бултэрмен кездеседі.

Елена Рыбакина, қазақстандық теннисші:

- Мен матчты ойдағыдай бастадым. Екі сетте де жеңгеніме қуаныштымын. Әсіресе екіншісі оңай болған жоқ. Бүгін Уимблдондағы алғашқы матчқа қарағанда жақсы ойнадым деп ойлаймын. Сол ойынға қарағанда бұл ойыным тәуір шықты. 

Екінші кезеңде Александр Бубликке де сәттілік серік болды. Қазақстандық теннисші америкалық Джеффри Вулф-ті 6:3, 7:6, 6:0 есебімен жеңді. Бұл Германияда өткен турнирдегі жетістіктің жалғасы сияқты болды. Спортшы бабында екенін көрсетті. Бұл оның қатарынан 7-ші жеңісі. Бублик келесі кезеңде, неміс Максимильян Мартерермен күш сынасады.