Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты
Елена Рыбакина жекелей сында Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші Лондондағы турнирдің үшінші айналымында әлемнің 89-ракеткасы, британдық Кэти Бултердің осал тұсын тапты. Рыбакина корт иесін, небәрі 56 минутта жеңіп кетті. Қорытынды есеп: 6:1, 6:1. Елена бұл ойында 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қазақстандық теннисші, осы жарыстың қазіргі чемпионы екені белгілі. Былтыр талайларды таң қалдырып, үлкен шлем жүлдесін еншілеген. Енді, Рыбакина ширек финал жолдамасын әлемнің 13-ракеткасы Беа-трис Хад-дад Майя-мен сарапқа салады. Бразилиялық теннисші, алғашқы айналымда Қазақстандық Юлия Путинцевадан басым түскен болатын. Рыбакина мен Беа-трис арасындағы матч, дүйсенбі күні өтеді. Бұған дейін ерлер арасында, төртінші айналымға Александр Бублик те шықты. Қазақстандық теннисші бүгін кешке, Ресейлік Андрей Рублевпен кездеседі.