Чемпиондар Лигасы: «Астана» - «Динамо»

Чемпиондар Лигасы: «Астана» - «Динамо»

Бүгін "Астана" футбол клубы Чемпиондар Лигасы аясындағы алғашқы кездесуін грузиялық "Динамоға" қарсы өткізеді.

Матч елорда уақытымен кешкі сағат сегізде "Астана Арена" стадионында өтеді. Тбилисилік клуб фаворит емес. Бірақ Грузияның ішкі біріншілігінде азулы команда саналады. Осыдан 9 жыл бұрын "Динамоны", "Ақтөбе" футбол клубы екі матч нәтижесі бойынша 4-0 есебімен жеңген болатын. Алайда соңғы уақытта Грузияның Премьер-лигасы күшейгенін ескерсек, биылғы "Динамоның" қарқыны әлдеқайда жоғары және ойыны ширақ болмақ. Әйтсе де, "Астана" бүгін өз алаңында жеңуге міндетті. Өйткені қарымта матч оңай болмайды.