Қазақ күресі: елде төрт мыңға жуық үйірме бар
Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов қазақ күресі қауымдастығының президенті қызметіне сайланды.
Ассоциация ақпаратына сәйкес, қауымдастықты алғаш рет ұлттық спорт маманы басқармақ. Былтыр қауымдастық біріккен күрес әлемі ұйымының құрамына енді. Ұйым аясында алғаш рет үш жас мөлшерін қамтыған әлем чемпионаты өтті. Қазір елімізде қазақ күресі бойынша 4 мыңға жуық үйірме бар, оның 3 мыңға жуығы ауылдық жерлерде.
Ербол Мырзабосынов, "Qazaq kuresi" қауымдастығының президенті:
- Қазақ күресі, тоғызқұмалақ ұлттық спорт түрлері. Бүгінгі күні қазақ күресінен әр ауылда кілем бар. Әр ауылда жаттықтырушы бар. Сондықтан ең бірінші қазақ күресі, ауылдарда жақсы дамыған. Бірақ біз оны тек қана күрес ретінде ғана емес, біздің жастарымыздың тәрбиелік құралы ретінде, қазақ жігітінің болмысын қалыптастыратын құрал ретінде мектеп бағдарламасына да енгізіп жатырмыз.