«Астана» футболшылары Тбилисидің «Динамосымен» тең тарқасты
«Астана» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде алғашқы ойынын өткізді.
Тбилисидің «Динамосына» қарсы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Бірінші таймның басында елордалық команданың асығы алшысынан түсті. Абат Айымбетов 11-ші минутта есеп ашты. «Астана» басым болғанымен, бірақ, есепті еселей алмады. «Динамо» екінші таймда ерекшеленді. 57-минутта тбилисилік команданың жартылай қорғаушысы Габриэль Сигуа таразы басын теңестірді. Қарымта кездесу Грузияда 19 шілдеде өтеді. Жеңімпаз Загребтің «Динамосымен» ойнайды.
Григорий Бабаян "АСТАНА" ФК Бас бапкері:
- Ауа райы ыстық, қапырық болды. Алғашқы 15 минутта ойын жақсы өрбіді. Сосын ойыншы алмастырдық. Михаил Габышевтың орнына Камо Оганесян шықты. Оған ойынға кіру үшін уақыт қажет болды. Өйткені орта жолдан қосылу қиын. Мүмкіндік аз болды. Бірақ жалпы бірінші таймда басымдық таныттық.