Қазақстан спортындағы тарихи жетістік
Тарихи жетістік. Қазақстан өз тарихында алғаш рет әртістік жүзуден әлем чемпионатының жүлдесін жеңіп алды.
Су спорты түрлері бойынша дүниежүзілік дода дәл қазір Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатыр. Отандасымыз Эдуард Ким әртістік жүзудің жекелей сынына қатысып, техникалық бағдарламада үздік нәтиже тіркеді. Ол жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға тұрақтады. Қазақстандық спортшы бас-аяғы 216 ұпай жинады. Бірінші орын испаниялық Фернандо Диас Рио Сотоға бұйырса, АҚШ споршысы Кеннет Гаудет екінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, Гауден пен Кимның ұпай көрсеткіштері шамалас. Қалай болғанда да, Эдуард ұлттық құрама қоржынына әлем чемпионатының алғашқы жүлдесін салды. Фукуока қаласында жарыс 30-шы тамызға дейін жалғасады. Оның барысында әртістік жүзуден бөлек, қашықтыққа жүзу, ашық аспан астында жүзу, су добы және суға секіру бойынша да медальдар жиынтығыу сарапқа салынады.