Елордада шахматтан халықаралық фестиваль өтті
Астана жұлдыздары. Дәл осындай атаумен елордада шахматтан халықаралық фестиваль өтті.
Оған 16 елден 800-ге жуық қатысушы жиналды. Басым бөлігі - балалар. Олар шахматтың блиц түрінде сынға түсті. Бұдан бөлек, ересектер арасындағы Қазақстан Кубогы да ұйымдастырылды. Яғни, ерлер бөлек, әйелдер бөлек өзара мықтыны наықтады. Сонымен қатар, әуесқой шахматшылар арасында да бәсеке болды. Жарыс қорытындысы бойынша «А» санатына үндістандық Адитья Миттал топ жарды. Күміс жүлде украиналық Александр Моисеенкоға бұйырса, израильдік Евгений Алексеевке үздік үштікті түйіндеді. Халықаралық фестивалдің өзі 10 күнге созылды. Ал жалпы жүлде қоры 40 миллион теңгені құрады.
Айта кетейік, шахматшылар сайысы Астананың 25 жлыдығына орай ұйымдастырылды.