Қазақстан спортшысы Ф.Ирназарова нысана көздеуден әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Фатима Ирназарова бүгін жасөспірімдер арасында нысана көздеуден әлем чемпионы атанды.
Оңтүстік Кореяның Чанвон қаласында 14 шілдеде басталған біріншілік бірнеше сағат бұрын аяқталды. Оған 45 елден 600 спортшы қатысты. Қазақстан атынан 12 спортшы ел намысын қорғады. Ұлттық құрамамыздың қоржынында 10 медаль бар – 4 алтын, 4 күміс және 2 қола. Жарыстың соңғы күні қозғалмалы нысана көздеуден ерлер командасы үшінші болды. Ал әйелдер командасы бірінші орын алды. Марапаттарды тапсыру рәсіміне Қазақстанның Пусан қаласындағы Бас консулы Аян Қашабаев қатысты. Апалы-сіңлілі Ирназаровалар жеңіс тұғырына бір мезгілде көтерілді. Фатима алтын, Зухра қола медаль иеленді.
Фатима Ирназарова, нысана көздеуден әлем чемпионы:
- Әрине Зухра екеуміз әрқашан біргеміз. Ол жарысқа қатысқанда, мен оған қараймын, барлық жақсылықты тілеймін және бұл әрқашан ол жағынан маған оралады. Біз әрқашан жеңіс тұғырында бірге болуға және жеңіске жетуге тырысамыз.
Зухра Ирназарова, нысана көздеуден 2023 ж. әлем чемпионатының қола жүлдегері:
- Мен ол үшін әрқашан қуаныштымын, егер ол бірінші болса, екінші болуға келісемін. Жарсытарда жаттығуды біреуіміз ерте біреуіміз кеш бітіреміз, кім ерте бітіреді сол жанкүйер болады. Бір-біріміздің өнерімізге қараған сайын, әр оқ үздік ондыққа кірсе екен деп тілейміз.