Қазақстандық әдістемеге қызығушылық артты
Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа бейімдейтін орталық қызмет ету ауқымын кеңейтеді.
Атап айқанда, оның бөлімшелері Түркия, Франция және Әзірбайжан елдерінде ашылады. Қазір тараптар арасында келіссөз жүріп жатыр.Бұл жөнінде жоба жетекшісі Садық Байымбетов мәлімдеді.
Садық бастаған мамандар арнайы әдістеме ойлап тауып, 5 жыл бұрын Астанада арнайы орталық ашқан болатын. Қазір еліміздің 5 қаласында бөлімшесі бар. Ал оның көмегіне жүгінген балалардың саны 400-ден асты. Олардың арасында әртүрлі форматтағы спорттық жарыстар, шеберлік сағаттары және чемпиондармен кездесулер ұйымдастырлып тұрады.