«Ордабасы» мен «Легия» тең түсті
Футбол УКФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңі басталды.
Оның аясында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Варшава қаласының «Легиясын» қабылдады. Кездесу ә дегеннен тартысты басталды және алаң иелері 13-ші минутта есеп ашты. Авторы - Всеволод Садовский. Ал, екінші кезеңде сенегалдық легионер Мамаду Мбодж таблодағы нәтижені еселей түсті. Ал қонақтар матч соңына дейін есепті теңестіріп үлгерді. Алдымен Томаш Пекгарт мүмкіндігін мүл жібермесе, артынша Блаж Крамер «Ордабасы» қақпасының осал тұсын тапты. Бірақ, қос голға да жанкүйерлердің көңілі толмады. Ережеге сай соғылғанына күмән келтірді. Осыған байланысты төреші, тіпті, ойынды бірнеше мәрте тоқтататты. Қалай болғанда да қорытынды есеп: 2:2. Енді тараптар нағыз мықтыны Варшава қаласында анықтайды. Қарымта матч 2 тамыз күні өтеді.
YOUTUBE.COM/ QAZSPORT TV
Ал «Ақтөбе» ірі есеппен жеңді. УЕФА Конференциялар лигасы аясында қазақстандық клуб сырт алаңда грузиялық «Торпедомен» жолықты. Жалпы бұл матч басталмай жатып, үлкен дауға ұласты. Өйткені ақтөбелік команда ұшақ рейсінің дұрыс ұйымадстырылуына байланысты, Кутаиси қаласына жоспардағы уақытта жете алмады. Тек ойын өтетін күні табан тіреп, бірден жасыл алаңға шықты. Соған қарамастан 4:1 есебмен жеңіске жетті. Ең алдымен Әлібек Қасым айып добын сәтті орындап, есеп ашты. Ал Милош Раичкович бірінші кезең соңына дейін нәтижені еселеді. Екінші кезеңде тағы да «Ақтөбе» басымдықты өз қолдарына алып, 73-минутта гол соқты. Авторы Максим Самородов. Ал қосымша уақытта қазақстандық клуб сапындағы Андрия Филипович берілген мүмкіндікті мүлт жібермеді. Енді қарымта мачт болады. «Ақтөбе» 3 тамыз күні өз алаңында «Торпедоны» қабылдайды.
YOUTUBE.COM/ QAZSPORT TV
«Тобыл» «Базельден» басым түсті. УЕФА Конференциялар лигасы аясында тағы бір матч Швейцарияның «Базель» қаласында өтті. Жергілікті «Базель» клубы өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдаған болатын. Матч тартысты өтті және алаң иелері 2 бірдей қызыл қағаз алды. Есепті де алаң иелері ашты. 25-минутта Тьерно Барри өз командасын алға шығарды. Екінші кезеңде Рамазан Оразов 11 метрлік айып добын сәтсіз орындап, таразы басын теңестіре алмады. Есесіне 57-минутта «Тобыл» сапындағы Серж Дебле мергендігімен көзге түсті. 5 минут өтпей жатып жоғарыда сөз болған Рамазан Оразов таблодағы нәтижені еселеді. Матч соңына қарай Ислам Чесноков та мергендігімен көзге түсіп, қорытынды есепті 3:1-ге жеткізді. Енді қос тарап 3 тамызда Қостанай қаласында кездеседі және келесі кееңге жолдама алатын команда сол жерде анықталады.