Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир аяқталды
Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында WTT YOUTH CONTENDER ALMATY халықаралық турнирі аяқталды.
Оған әлемнің 13 елінен ең мықты деген спортшылар қатысты. Аса жоғары деңгейді талап ететін мұндай жарыс елімізде алғаш рет өтті. Турнирге «Самұрық-Қазына» қоры қолдау көрсетті.
Халықаралық жарыстардың өз елімізде өткізілуі әсіресе, жастар мен жасөспірімдер спортын дамытуға айрықша серпін береді. Оған қатысқан жас спортшылардың талпынысы жақсы. Жеңіске деген құлшыныстары көңіл қуантады. Сондықтан осындай ауқымды шараларды қолдауымыз қажет, дейді «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов. Жарыста жүлделі орындарға ие болған спортшыларды Қор басшысының өзі марапаттады.
Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы:
- Алматыда жалпы Қазақстанда үстел теннисінен мұндай жарыстың алғаш рет. Сондықтан бұл айтулы оқиға «Самұрық-Қазына» компаниясы үшін өте маңызды дер едім. Біз алдағы уақытта жас спортшыларды қолдау мақсатындағы әлеуметтік жобаларды жалғастыра береміз. Әсіресе қолдауға зәру, өмірде таршылық көріп өскен жас спортшыларды барынша қамқорлыққа аламыз.
Жарыс төрт күнге жалғасты. Оған әлемнің 13 елінен 159 спортшы қатысты. Олар бес түрлі жас санатына бөлініп, күш сынасты. Турнирді ұйымдастырушы еліміздің Үстел теннисі федерациясы. Оның басты серіктесі «Самұрық-Қазына» компаниясы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Ердәулет Оразбаев, ҚР Жасөспірім кадеттер құрамасының аға жаттықтырушысы:
- Қазақстан құрама командасы 9 медаль еншіледі. Аталған турнирдің халықаралық Қазақстанда өтуі жалпы Қазақстанда жалпы үстел тенисінің дамуына үлкен серпін береді. Үлкен талпыныс болады. Көп жасөспірім балаларымыз үстел теннисіне келіп қатысады деген үміттеміз.
Осы ынтымақтастық аясында үстел теннисін дамыту мақсатында жыл соңына дейін шеберлік сабақтары мен жаттығулар өткізіледі. Оған Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары қатысады.
Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон