ЧЛ: 2 тамызда «Астана» мен «Динамо» арасындағы матч өтеді

ЧЛ: 2 тамызда «Астана» мен «Динамо» арасындағы матч өтеді

«Динамо» ойыншылары елордаға жетіп, шешуші матч алдындағы дайындыққа кірісті.

Ертең футболдан чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі жалғасады. Әсіресе қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп жүрген «Астана» мен «Динамо» арасындағы матч болады.

Загреб қаласында өткен алғашқы ойын 4:0 есебмен аяқталған болатын. Айқын басымдықпен жеңіске жеткен хорватиялық клуб келесі кезеңге өтуге бір табан жақын тұр. Бірақ жергілікті, яғни Астананың ойыншылары да оңайлықпен берілмесі анық. Григорий Бабаян баптайтын жігіттер қазір ойын алдындағы жаттығуды пысықтап, арнайы жоспар құрып жатыр.

Қарымта мачтың өзі ертең елорда уақытымен 20:00-де басталады. Жеңіске жеткен тарап іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шығып, грекиялық АЕК командасымен жолығады.