Г. Бабаян: Жанкүйерлерді қуантуымыз қажет

Сапалы ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерді қуантуымыз қажет.

«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян шешуші матч алдында осындай пікір білдірді. Елордалық клуб чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында «Динамо Загребпен» кездеседі. Хорватиялық команда  бірнеше күн бұрын Астанаға жетіп, мачт алдындағы дайындықты бастады. Загреб қаласында өткен алғашқы ойын 4:0 есебмен аяқталған болатын. Айқын басымдықпен жеңіске жеткен қонақтар келесі кезеңге өтуге бір табан жақын тұр. Бірақ, жергілікті, яғни, Астананың ойыншылары да оңайлықпен берілмесі анық. Қазір арнайы жоспар құрып, соған сәйкес жаттығуды пысықтап жатыр. Қарымта мачтың өзі бүгін елорда уақытымен 20:00-де басталады. Жеңіске жеткен тарап іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шығып, грекиялық АЕК командасымен жолығады. Ал жеңілгені Еуропа Лигасында бағын сынайды.

Григорий Бабаян, "Астана" футбол клубының бас бапкері:

- Алдағы матч біз үшін оңай болмасы анық. Бірақ, сонда да барымызды салып, жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз. Ең басты мақсат – осы. Байқаған шығарсыз, жігіттер шабуылдарды жиі ұйымдастыра алады. Бірақ, оны голға айналдыру жағы қиын. Басқаша айтқанда, шеберлік жетіспейді. Қазір осы бағытты дамытуға ерекше екпін беріп жатырмыз.