УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қазақстандық 3 клуб қатысады
Футболдан УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінің кездесулері өтеді.
Бұл сында 3 бірдей қазақстандық клуб өнер көрсетеді.
Өткен аптада қазақстандық клубтар күтпеген нәтиже тіркеп, жергілікті жанкүйерлерді тәнті еткен болатын. Әсіресе «Тобыл» сырт алаңда мақтаулы «Базельден» басым түсті. Қорытынды есеп: 3:1. Айта кету керек, Швейцариядағы матчта алаң иелері 2 бірдей қызыл қағаз алды. Қостанайлық клуб ойыншылары осы мүмкіндікті сәтті пайдаланды. Енді басымдықты ұстап қалу үшін физикалық дайындықпен қатар, психологиялық та дайындық керек дейді бас бапкер. Өйткені «Базель» есе қайтару үшін барын салары анық.
Милич Чурчич, "Тобыл" футбол клубының бас бапкері:
- «Базелді» сырт алаңда ұттық. Бірақ оған тоқмейілсуге болмайды. Қарсыластар сапында мықты ойыншылар бар. Жалпы команданың өзі де жыл өткен сайын деңгейін жоғарылатып келеді. Сондықтан, осының барлығына дұрыс сараптама жасап, нақты жоспар құрамыз. Жеңіске жету үшін барымызды саламыз.
«Ақтөбенің» де әлеуеті жақсы. Іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы мачта сырт алаңда грузиялық «Торпедомен» жолығып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кету керек, қазақстандық клуб матч алдында тығырыққа тірелді. Яғни ұшақ рейсінің дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты Кутаиси қаласына жоспардағы уақытта жете алмады. Тек ойын өтетін күні табан тіреп, бірден жасыл алаңға шықты. Соған қарамастан ірі есеп айырмасымен ұтты. Енді өз алаңындағы ойын салыстырмалы түрде жеңіл болады және жеңіске жетуге мүмкіндік бар дейді бас бапкер.
Андрей Карпович, "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері:
- Бұған қоса УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Ордабасы» мен «Легия» командалары да жолығады. Шымкентте өткен алғашқы ойын өте тартысты болды. Алдымен алаң иелері 2 гол соғып алға шықса, артынша қонақтар есеп айырмасын қысқартты, тіпті, теңестіріп те үлгерді. Ал нақты келесі кезеңге қай команданың өтері бүгін Варшава қаласындағы қарымта ойында анықталады. Қазақстандық клуб ойыншылары Польшаға жетіп, дайындыққа кірісті.
Аслан Қаженов