Қазақстандық велошабандоз Винокуров әлем чемпионы атанды

Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Велосипедші Глазго қаласында өткен әлемдік бәсекеде 50+ жас санатында өнер көрсетті. ІІ орынды испандық спортшы Рауль Патиноға бұйырды. Ал үздік үштікті Адриян Яш түйіндеді.

Айта кету керек, Винокуров Таиландта маусым айында өткен Азия чемпионатында да жеңіске жеткен болатын.