Ел шығысында «Қазақстан оқушысы» веложарысы өтіп жатыр
Жастар арасындағы танымал сайыс 1970 жылдан бері ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үздік кәсіби спортшылар бағын сынайтын бәсеке тек пандемия кезінде тоқтап қалған еді. Кейін халықаралық мәртебеге ие болып, қайта жанданды. Осы жолы аймақтық командалармен қатар өзбекстандық спортшылар шеберлік байқасты. Сайыс қатысушылары 90 шақырымға жуық қашықтықты еңсеруі тиіс. Үздік нәтиже көрсеткен отандық спортшылар еліміздің жастар құрамасына жолдама алады.
Заманбек Нарынмұратұлы, жаттықтырушы:
- Велоспорт Өскемен қаласында дамып келе жатыр. Біздің спортшылар бірінші кезеңде ІІІ орын алды. 19 спортшы келді. Қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп жатыр және басқа Қазақстан аумақтарынан спортшылар келген, жарысып, өте жақсы дейгей көрсетіп жатыр.