Қазақ таэквондошылары Азия ойындарына қатысады
3 қола және бір күміс медаль – бұл таэквондодан Қазақстан құрамасының Чунчонда өтіп жатқан Корея опен чемпионатындағы нәтижесі.
3 орынды Жансел Дениз, Қапанова Ботагөз және Нұрлан Мырзабай иеленді. Екінші орынды 23 жастағы Эльдар Бірімбай жеңіп алды. Турнирге Оңтүстік Кореяға 10 күн бұрын тағайындалған бас бапкер Нұрсұлтан Мамаев бастаған 11 спортшы келген. Ұлттық құрамаға оңтүстіккореялық маман Ким Гван Су кеңес береді. Осы турнирден кейін бірден қазақ таэквондошылары Азия ойындарына қатысу үшін Қытайға аттанады.
Эльдар Бірімбай, Korea Open 2023 халықаралық чемпионатының күміс жүлдегері:
- Біз Қазақстанда кубок өткізгенбіз Азия ойындарына іріктеу. Содан кейін келіп осы Корея мемлекетіне. 10 күндей болдық осы жерде.
Нұрсұлтан Мамаев, ҚР таэквондо құрама командасының аға жаттықтырушы:
- Менің қазіргі мақсатым, басты мақсатым – осы қазақ еліне қазір өтіп жатқан жасөспірімге спортқа қалай келеді, олар Олимпиададан көрген кезде келеді негізі.