Сирияда Париж Олимпиадасына баскетболдан іріктеу турнирі өтіп жатыр
Индонезия мен Бахрейннен ұтылдық.
Үндістанды ұттық. Дәл қазір Сирияның Дамаск қаласында баскетболдан 2024 жылғы олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Қазақстанның ерлер құрамасы алғашқы кездесуінде Индонезияға есе жіберді. Қорытынды нәтиже: 82:91. Ұлттық құрама сапынан Антон Быков ең үздік ойыншы атанды. Ол 21 ұпай жинады. Артынша, Александр Лысяк баптайын жігіттер Бахрейн құрамасынан да жеңілді. Бірақ, бұндағы есеп айырмасы айтарлықтай үлкен. 67:104. Одан кейін жерлестеріміз Үндістан құрамасымен жолығып, жеңіске жетті. Матч ә дегеннен татысты басталды және соңына дейін тең дәрежеде өтті. Кездесудің өзі 70:73 есебімен аяқталды. Қазақстан сапындағы Владимир Иванов 19 ұпай жинады. Бұл - мачтағы ең жоғары көрсеткіш. Дамаск қаласындағы турнир 17 тамызға дейін жалғасады.
Стритболдан ел үздіктері анықталды
Астанада көпшілікке көше баскетболы атаумен танымал стритболдан ішкі біріншіліктің финалдық кезеңі өтті. Яғни әр аймақтың мықтылары бас жүлдені сарапқа салды.12 команда арасынан Алматыдан келген баскетболшылар жеңімпаз атанды. Олар барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Соның арқасында әлем чемпионатында ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Ал әйелдер арасында «Томирис» командасы топ жарды. Олар да әлем чемпионатына қатысады. Айта кету керек, әйелдер арасында алғаш рет Қазақстан өкілдері өнер көрсеткелі тұр. Байрақты бәсекенің өзі қыркүйек айында Сербияда болады. Былтырғы дүниежүзілік доданы Мысыр қабылдаған болатын. Жерлестеріміз салыстырмалы түрде сәтті өнер көрсетті. Бірақ, жүлдеге қол соза алмады. Биыл осы есені қайтарамыз дейді баскетболшылар.
Нұралы Әліпке 5 шетелдік клуб қызығушылық танытты
Нұралы Әліпке 5 бірдей шетелдік клуб қызығушылық танытты.
Қазақстан құрамасының мүшесі әрі Санкт-Петерборлық «Зениттің» қорғаушысына, әсіресе, түркиялық командалар назар аударуда. Мәселен, дәл қазір «Трабзонспор» және «Башакшехир» клубтары оны сатып алу жолдарын қарастырып жатыр. Бұған дейін «Зенит» Әліп үшін шамамен 5 миллион еуро алғысы келетіні айтылған. Түркия клубтарының белсенді бола бастауының өз себебі бар. Яғни қазақ аяқдопшыларыбұдан былай жергілікті чемпионатта легионер болып саналмайды. 23 жастағы Нұралы 2022 жылдың ақпан айынан бері «Зенит» сапында ойнап жүр. 2023 жылдың қаңтарында Санкт-Петербор клубы оны «Қайраттан» 2 миллион еуроға сатып алған еді. Биылғы маусымда Әліп бес матч өткізді. Бірақ мергендігімен көзге түскен жоқ.