Астанада Qyzmet Cup футбол турнирінің финалы өтті

Қорытынды ойында Ішкі істер министрлігі мен «Абырой» командалары кездесіп, 4:0 есебімен Ішкі істер министрлігінің ойыншылары басым түсті.

Қызылорда командасы үшінші орын алды. Бұдан бөлек мини футболдан жергілікті атқарушы органдар арасында өткен спартакиадада жеңген Қостанай командасы арнайы шақырылған. Qezmet сup  бұл мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында өтетін турнир. Жыл сайын оған түрлі сала қызметкерлері қатысады. Соның ішінде ұлттық компаниялар, квазимемлекеттік сектор және күштік құрылымдар бар. Бұл жарыс 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Өз өңірлерінде үздік шыққан командалар астанада қорытынды ойынға жиналады.

Әділбек Басекеев, ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

- Чемпионатқа қатысып жатқан 16 команда. Бүкіл облыстардан келген командалар бар. Облыстарда олар іріктеу жасап, өзінің чемпионатын өткзіп, бірінші орын алған командалар келіп жатыр. Қатысушылар саны өсіп жатыр. Қазір 2500-3000 адам қатысып жатыр.

Нұрлан Жұмекенов, Қостанай облысы көліктік бақылау инспекциясының бас маманы:

- Бұл мемлекеттік қызметшілердің салауатты өмір салтын дамытуға өз үлесін қосады. Сосын біз осында турнир арқылы басқа органдардың адамдарымен таныстық.  Жұмыс бабында да жақсы коммуникация орнатуға өз үлесін қосады.