Елімізде мүмкіндігі шектеулі спортшыларды қолдауға ерекше екпін жасалмақ

Мәселен, елордада ДЦП диагнозы бар балалар үшін арнайы бассейн іске қосылады.

Ал «Қазанат» ипподромында иппотерапия алуға мүмкіндік ашылады. Бұл жөнінде Астана қаласындағы жиында айтылды. Бұнда қала басшылығы және спортқа жауапты мамандар жергілікті паралимпиада мен сурдлимпиада өкілдермен кездесіп, саладағы көкейкесті мәселелерді талқылады. Сұрақтарына жауап берді. Кейін марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, спорт күні қарсаңында ел абыройын асқақатып жүрген атлеттерге құрмет көрсетілді. Алда маңызды жарыстар келе жатыр. Оның ішінде Қытайда өтетін Азия ойындары мен Францияда өтетін Олимпиада ойындары бар. Басқосу барысында аталмыш байрақты бәсекелерге ұлттық құраманың дайындығы да кеңінен талқыланды.