Бахтияр Зайнутдинов Бешикташқа келді
Қазақстандық футболшы Бахтияр Зайнутдинов Ыстамбұлға жетті.
Спортшыны «Бешикташ» клубының вице-президенті Серкан Четинсая ұшақтан қарсы алды. 25 жастағы футболшы соңғы үш жыл бойы Мәскеудің ЦСКА сапында өнер көрсетіп, 83 кездесу өткізген. Ол 7 голдың авторы атанып, 8 нәтижелі пас берді. Үздік ойын көрсетіп, Ресей кубогының иегері атанған. Енді ол спорттық мансабын түркиялық клуб сапында жалғастырады.