«Астана» жеңді, «Тобыл» қарсыласқа есе жіберді

Қостанайлық «Тобыл» 1:2 есебімен чехиялық «Виктория Пльзеньнен» жеңілді.

Тартысты өткен матчтағы алғашқы голды 72-ші минутта Каду Круз соқты. Ал 90-шы минутта «Виктория» сапындағы Лукаш Калвах есепті еселеді.  «Тобылдықтардың» гол салатын бірнеше мүмкіндігі болды. Тек матчтың аяқталуына сәл қалғанда Серж Дебле айып добын дәл соқты. Ал Елордадағы «Астана» мен албаниялық «Партизани» матчы жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды. Есепті 41-ші минутта Лончар ашты. Алда қос команданы да қарымта матчтар күтіп тұр. Қарсыластар бір аптадан соң тағы кездеседі. Жеңімпаз УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне өтеді.