Джиу-джитсудан әлем үздіктері елордаға жиналды
Әлем үздіктері Астанаға жиналды.
Мұнда джиу-джитсудан жасөспірімдер мен жастар арасындағы дүниежүзілік дода өтіп жатыр.
Айта кету керек, Қазақстан байрақты бәсекені алғаш қабылдап тұр.
43 мемлекет. 1500 қатысушы. Расымен де, елордадағы әлемдік аламанды ең ірі спорттық шаралар қатарына қосуға болады. Бұнда 16, 18 бен 21 жасқа дейінгілер арасында медальдар сарапқа салынды. Қазақстандық спортшылар ә дегеннен тәуір нәтиже көрсетіп, бірінен соң бірі жеңіс тұғырына көтеріліп жатыр.
Қуат Сағиев, ҚР джиу-джитсу қауымдастығының президенті:
- Барлық мемлекеттен 43 елдекн келді. Өте мықты спортшылар келді. Басты қарсыластарымыз Араб мемлекеті, Ресей мемлекеті. Балалар жақсы өнер крнөсетіп жатыр. Олар басқа спорттан келмей, осы спортты 4-5 жасында бастаған балалар ғой. Қазіз өте жақсы өнер көрсетіп жүр. Біздің болашағымыз деп ойлаймын.
Джиу-джиту спорты елімізде кеңінен қанат жайып келеді. Мәселен, Астананың өзінде мыңға жуық адам тұрақты шұғылданады. Осының арқасында ішкі бәсекелестік артып, ең мықты деген спортшыларымыз әлемдік аламандарда топ жарып жүр. Жалпы қандай халықаралық жарыс болмасын Қазақстан қазір фавориттер тізімінде.
Арманжан Рузахунов, джиу-джитсудан аға жаттықтырушы:
- Осыдан бір ай бұрын Моңғолияда ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Ұлттық құрама спортшылары сәтті өнер көрсетті. Енді олардың ізін басып келе жатқан жастардың көрсекіштері де жақсы. Аға буын мен кіші буын арасында осындай байланыс бары қуантады. Бәрі шетінен жанып тұр. Керемет мотивация алып жатыр.
Әдебиет Нұрсұлтанов, әлем чемпионатының қола жүлдегері:
- Бұл жерде ақыл керек. Күш үлкен роль ойнамайды. Басың жақсы жұмыс жасау керек. Өзіме файтинг бағыты ұнайды. Бала кезден Брюс Ли. Джеки Чандарға еліктеп өстім. Ендігі жоспар – келесі әлем чемпионатында жеңімпаз атану.
Қазақстан атынан бұл жарысқа 200-ге жуық өрен қатысып жатыр. Дүниежүзілік доданы өз алаңымызда өткізу ең алдымен осы қыз-жігіттерге керемет мүмкіндік ашты.
Аслан Қаженов, тілші:
- Жоғарыда айттық, бұл жасөспірімдер мен жатсар үшін жылдың басты бәсекесі саналады. Ал ересектердің басты бәсекесі тәра 1 айдан кейін Қытайдың Хонджоу қаласында болады. Яғни 4 жылда бір ұйымадстырылатын жазғы Азия ойындары бар. Міне соған қатысатын ұлттық құрамамыз бір ай бұрын іріктелініп қойылды және ертең Алматыда жаттығу жиынын бастайды. Кешенді ойындарға дейін осындай 2 әзірлікті өткізбек және байрақты бәсекеде кемі 2 алтын алады деген болжам бар. Ал мына жекпе-жек сарайында өнер көрсетіп жатқан өрендер сол ұлттық құраманың ізін басатын біздің негігі резерв саналады.
Аслан Қаженов, Арман Ақшабаев