«Астана» ФК топтық кезеңге шықты
Футболдан УЕФА Конференциялар лигасы іріктеуінің шешуші кездесулері өтті.
Оның аясында «Астана» сырт алаңда «Партизанимен» тең ойнады. Албанияда болған аладоп аламанында «Партизани» есеп ашты. 25-ші минутта Арканж Бинтсека мергендігімен өкзге түсті. Ал қонақтар екінші кезең басында таразы басын теңестрді. Голдың авторы Марин Томасов.
Қорытынды есеп: 1:1. Ал Астанада өткен алғашқы ойында 1:0 есебімен қазақстандық клуб жеңіске жеткен болатын. Сәйкесінше «Астана» конференциялар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Айта кетейік, Григорий Бабоян баптайтын жігіттер араға 4 жыл салып еурокубоктердің топтық кезеңіне оралып отыр. Ал осы жолға қарсыластары бүгін белгілі болады. Жеребе тарту рәсімі Монакода ұйымдастырылады.
«Тобыл» жарыс жолынан шықты
«Тобыл» жарыс жолынан шығып қалды. Қостанайлық «Тобыл» да УЕФА конференциялар лигасы аясындағы кезекті кездесуін өткізді. Қазақстандық клуб бұл жолы сырт алаңда чехиялық "Виктория» командасымен жолыққан. Пльзень қаласындағы матч 3:0 есебмен аяқталды. Алаң иелері сапынан Томаш Хорый мен Рафиу Дуросинми мергендігімен көзге түсті. Ал матч соңындағы қосымша уақытта Ибрахим Траоре мүмкіндігін сәтті пайдаланып, есеп айырмасын ұлғайты. Осылайша "Виктория» сенімді түрде топтық кезеңге өтті. Яғни қос матч қорытындысы бойынша 5:1 есебмен алда тұр. Ал «Тобыл» үшін еурокубоктегі биылғы бәсеке осымен аяқталды. Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» мен «Ордабасы» да топтық кезеңге жете алмай, жарыс жолынан шығып қалған еді.
Аймақ үздіктері анықталды
Аймақ үздіктері анықталды. Астанада көркем гимнастикадан 9, 10 және 11 жас қыздар арасында ашық чемпионат аяқталды. Жыл сайын тұрақты ұйымдастырылатын жарысқа биыл бас-аяғы 200-ден аса қатысушы жиналды. Басым бөлігі жергілікті көркем гимнастика мектебінің шәкірттері. Бұған қоса Алматы, Шымкент және Қарағанды қаласының өкілдері де бар. Олар 3 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде «Жұлдыз» мектебінің өкілі Аиша Султан, «Изумруд» мектебінің өкілі Әдия Сабырбекова және номері 1-спорт мектебінің шәкіртері Самал Сәрсенова мен Анель Дінішева өз жас деңгейлерінде жеңімпаз атанды. Сәйкесінше алдағы Қазақстан чемпионаптына қатысуға мүмкіндік алды. Бұған қоса топтық бәсекелер де ұйымадстырылды. Оның қорытындысы бойынша 3 командаға ішкі біріншілікке жолдама берілді. Айта кетейік, көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты Қарағанды қаласында өтеді.