А. Имановтың құрметіне велошеру ұйымдастырылуда
Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай велошеру басталды.
Велошабандоздар Атбасар қаласынан шығып Амангелді ауылына дейін жүріп өтеді.
Спорттық іс-шараға қатысушылардың ең үлкені 78 жаста. Сонымен қатар Хабар 24 телеарнасының журналисі Ернат Мелсұлы да бар. Былтыр әріптесіміз ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығында орай 5555 шақырым жол жүріп, Ақкөл ауылынан Түркияға дейін жеткен болатын. Бұл жолы велошеруге қатысушыларын жергілікті тұрғындар сапарға ерекше ықыласпен шығарып салды.
Түгелбек Қасымов, велошеруге қатысушы, зейнеткер, 78 жаста:
- Қазір біз аттанамыз. Арақашықтық 500 км соған аман-есен жетейік.
Сабыржан Мұсабеков, Атбасар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Жолыңыз болсын! Осындай патриотизм жұмыстары әрдайым әр районда дами берсін. Соған үлес қосамыз!