Оралда қала күніне орай бәйге басталды. LIVE
Аламанға еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейден шабандоздар келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Еркебұлан Смадияров, тілші:
- Иә, Оралда қала күні кешелі бері кең көлемде тойланып жатыр. Бүгін ұлттық ойындар дәріптеліп жатыр. Біз қазір қала іргесіндегі Бортау аумағындамыз. Бәйге десе делебесі қозып, қиқуға салатын ағайын осы жерге ағылып келіп жатыр. Ал Тайбурылдай жараған, жал-құйрығын тараған, арғымаққа балаған тұлпарлар тұр тыпыршып. Дүбірлі додада қолтума тайлар жарысы, құнан жарысы, аламан және Ұлы аламан бәйге болады. Онда батысқазақстандық шабандоздармен қатар Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары мен ресейлік команда қатысып жатыр. Қазақ пен жылқы егіз ұғымға айналғалы қанша дәуір өтсе де, ат спорты әлі күнге жасап келеді, жасай береді де. Дала қызықтарына жиналған жұрттың қарасы әлі көбейіп жатыр. Дүбірлі дода назарымызда болады.