Футбол: Қазақстан – Солтүстік Ирландияны жеңді
Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Солтүстік Ирландия командасын 1-0 есебімен жеңді.
Жалғыз голдың авторы - шабуылшы Максим Самородов. Ақтөбелік ойыншы есепті бірінші таймның 28-ші минутында ашты. Футболшыларымызға қолдау көрсетуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Арена" стадионына арнайы барды. Кәсіби боксшы Геннадий Головкин де жанкүйерлердің қатарынан табылды. Бұл келер жылы өтетін футболдан Еуропа Чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы қарымта матч. Еске сала кеткен жөн, сырт алаңдағы бірінші ойында астаналық шабуылшы Абат Айымбетов бір өзі бірнеше шабуылшыдан айласын асырып, ерекшеленген болатын. Осылайша турнир кестесі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы екінші орынға көтерілді. Көшті әзірге Финляндия құрамасы бастап тұр.